Қызан ауылы Бозашы түбегінің орта тұсынан шығысқа қарай, облыс орталығынан солтүстік-шығыста 250 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Қызан - бұл киелі жерде адайдын не бір марғасқа ақын-жыраулары мен батырлары туған, өмір сүрген жер. Қызан туралы алғашқы жазба мәлімет 1832 жылы Манғыстауды зерттеген Г.С. Карелин экспедетциясының топографы П.В Алексеевтің еңбегінде кездеседі.