Жалғасы 10. Бисенов Қанаш 1903 жылы Бозащы жерінде «Қаратөбеде» дүниеге келген. Мал шаруашылығымен айналысып елге қызмет еткен. 1941-1945 жылдары Ұлы отан соғысына қатысып, бірнеше жерден жараланып елге оралған соң, Маңғыстау аудандық «Еңбек» ұжым –шарында шопан болған. Қаз ССР-інің Социалистік мал шаруашылығына еңбек сіңірген шебері. 1954 ж және 1959 облыстық Кеңестік екі мәрте депутаты етіп сайланды. 1956 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1946 ж Маңғыстау ауданы Еңбек ұжымшарында ұзақ жылдар мал баққан. Қ.Бисеновті Ленин орденіне ұсынған Гурьев облыстық ҚазССР Москвадан бірнеше рет грамотамен марапатталған. Қазір Қанаш Бисеновтің суреті аудандық музейде ардагерлер үйінде ілулі тұр. 11. Жаманбаев Естерек 1927 жылы 13 қарашада Маңғыстау ауданы Қаратөбе ауылдық советінің Жиделі жерінде туған. 7 – сыныптық білімді Ақшымырауда бітірген. 1947 – 1952 жылдары әскер қатарында болған. 1952 жылдың желтоқсанынан 1954 жылдың маусымына дейін аудандық ауылшаруашылық бөлімінің Сам – 2, Ноғайты, Тасастау, Қайнар, Ақсай, Көлтабан учаскелерінде зоотехник болған. 1954 жылдың шілдесінен қарашасына дейін «Жолсерік» колхозының Жылыой, Қарақұм жақтағы орынбасары, 1954 жылдың қарашасынан 1955 жылдың мамырына дейін іріленген ХІХ партсъезд атындағы колхоздың меңгерушісі, 1955 жылдың маусымынан қыркүйегіне дейін Қызылсуда қызыл отау меңгерушісі, 1955 жылдың қазанынан 1958 жылдың тамызына дейін «Еңбек» колхозы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 1960 ж қазаннан 1969 жылдық наурыз айына дейін XIX портсъезд атындағы колхозда зоотехник. 1969 жылдың наурызынан 1971 жылдың шілде айына дейін «Бозашы» совхозының зоотехник-селекционері.1971 жылдың шілде айынан 1974 жылдың қаңтарына дейін Қызанда №3 ферма меңгерушісі.1974 жылдың қаңтар айынан 1975 жылдың қазан айына дейін «Ақшымырау» совхозында бас зоотехник.1971 жылы Алматы малдәрігерлік- зоотехникалық институтан сырттай бітірген. Денсаулығына байланысты 1987 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін совхоздың экономист, бухгалтерлік жұмыстарын жасаған. Москва қаласындағы Скрлбин атындағы ауылшаруашылығы академиясына курсқа барып, асыл тұқымды каракул елтірісін сұрыптауға қатысқан. Мал шаруашылығы, қара каракул қойын асылдандыру және селекциялық жұмыстарға мал басының өсуіне, мал өнімдерінің сапасын арттыруда көп еңбек сіңірген. Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесіне қатысқан. Аудан, облыс көлемінде мақтау грамоталарымен және бірнеше медальдармен марапатталған. 12. Нұрлыбаев Тұрарбек 1941 жылы 15 қазанда Түркімен ССР – ы, Мары облысы, Жолөткен районы, «Коммунист» ауылдық советінде туған. 1960 жылы Маңғыстау ауданына келіп, «Еңбек колхозында гаражда слесарь болып жұмыс жасады. Таушық СПТУ жанынан оқып, жүргізуші куәлігін, Гурьев қаласындағы техникумның механика факултетінде оқып, техник – механик, техник – эксплуатационник дәрежесінде арнаулы орта білім алды. 1969 жылы «Бозащы» совхозы ұйымдасқанда совхозда спорт инструкторы болып, одан кейін әдейі штаб бойынша комсомол мектебінің секретары болып сайланды. 1972 жылдан бастап аудандық мәдеиет бөлімінде инспектор, 1973 жылы автоклуб меңгерушісі, 1979 жылы совхозда гараж меңгерушісі, еңбек қорғау инженері жұмыстарын жасады және қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. 1971 ж Маңғыстау ауданы Калинин ауылдық советінің депутаты, 1976 ж Қызан ауылдық советінің халық сотының заседателі, 1989 ж Маңғыстау аудандық советінің депутаты қызметтерін атқарды. 1990 ж «Еңбек ветераны» медалы. Грамота. Қазақстан жастар одағының 50 жыл құрметіне ҚССР жоғарғы советі президиумы 08.07.1971 ж «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалы СССР Жоғарғы советі президиумы қаулысымен Құрмет грамотасы АПК қызметкерлері кәсіподағы президиумы «Маңғыстау ауданы бойынша техника қауіпсіздігі жұмыстарында кемшілік болдырмағаны үшін» Құрмет грамотасы «Жас малшылар мен механизаторлардың І – ші облыстық слетындағы көрнекі жұмыстары үшін» Құрмет грамотасы « Бозащы совхозы комсомол комитетінің секретары ретінде жастарды тәрбиелеуде белсенді қызметі үшін. Маңғыстау ауданының құрметі азаматы. Маңғыстау облысына 35 жыл естелік төс белгісі. 13. Медетова Зияда – 1915 жылы Қаратөбе ауыл советі Қызан жерінде дүниеге келген. Осы жерде 5 кластық білім алған. Соғыс жылдарында колхоздың әр – түрлі жұмыстарын жасай жүріп, «Талап» колхозы басқармасының орынбасары қызметтерін жасаған. Жылқы өсіруде планда 452 бас, орындаған 479 бас – 106,5%, 88 құлынды түгелдей сақтады. Аудандық райсоветтің депутаты болды. Маңғыстау ауданы I/VII – 1943 жылғы ауылдық совет, колхоз председателдері мен ферма бастығы және мал бақташыларының алдыңғы қатарларының тізіміне енді. 14. Қосщыбеков Есет 1909 жылы Қаратөбе ауыл советінде дүниеге келген. Түрлі жұмыстар атқарып жүріп Таушықта көмір шахтасында жұмыс жасаған. Содан 1942 жылы соғысқа аттанып, 1945 жылы елге жеңіспен оралды. 1946 жылы ауылға келіп шопан болып қызметін жалғастырды. Осы жұмыс көрсеткіштеріне сай 1958 жылы «Құрмет белгісі» ордені, «Құрмет грамотасы», бірнеше медальдармен марапатталған. 1957 ж - 1958 жылдары ауылшаруашылық көрмесіне барған. ВСХВ-ның күміс, қола медальдарымен марапатталған. 1969 жылы еңбек демалысына шығып, 1993 жылы дүниеден озды. 15. Мәдіғұлова Алтын 1942 жылы Қаратөбе ауыл советінде дүниеге келген. Қаратөбе ауыл советінде 7 жылдық мектепте оқып бітірген. Еңбек жолын 1959 жылы яғни, 17 жасынан бастап «Еңбек» колхозында шопан болып бастаған. Ақшымырау, Бозашы совхоздарында малшы, монша жағушы және сол сияқты әр түрлі салада жұмысшы болып қызметтер атқарған. Жұмыс көрсеткіштеріне байланысты аудандық және облыстық советке депутат болып сайланды. 1963 жылы Алматы қаласындағы шопандардың 1-ші слетына қатысқан. КСРО халық шаруашылығы көрмесіне қатысып, ВДНХ-тың қола медалымен марапатталған. Бүгінгі таңда сегіз баланың анасы, «Алтын алқа » иегері. 16. Аманов Әлімбай Аманұлы 1953 жылы 1 ақпанда Жиделі деген жерде дүниеге келген. 1960 жылы Ақшымырау аулындағы Калинин мектебіне 1 сыныпқа оқуға келді. Отбасы жағдайына байланысты, «Қырықжылдық» колхозы (қазіргі Жыңғылды) мектеп-интернатынан сегіз жылдық мектепті бітірді. 1969 жылы Таушықтағы СПТУ-82 кәсіптік-техникалық учелищесін, шофер-тракторист мамандығы бойынша оқуға түсті. 1971 жылы еңбек жолын Ақшымырау совхозында шофер мамандығы бойынша жұмыс жасап, 1974 ж-1978 жылдары көмекші шопан болып, 1978 жылдан тракторист болып жұмыс жасады. 1986 жылы Бүкіл Одақтық ауыл шаруашылық көрмесінің қола медалімен марапатталды. 1989 жылы ВДНХ көрмесінің Москвич-412 автокөлігін сыйлыққа алды, бұдан да өзгеше алғыс хат, марапаттарға ие болды. 1995 жылдан бастап «Қаламқас» кен орнында механизатор болып осы кезге дейін қызмет жасап келе жатыр. 17. Арқабаев Жұмабек 23 мамырда 1941 жылы Қоңырорпа жерінде дүниеге келген. Қоңырорпа жеті жылдық мектебін бітіріп, одан кейін оқуын Тұщықұдық мектебінде жалғастырды. 1958 жылдан бастап әр түрлі жұмыстар жасаған. 1962 жылы Қызаннан тракторлық курс ашылып, мамандығын алып, сол жылдан 24 жыл трактор жүргізген. «Совхоз чемпионы», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған. 1987ж - 88 жылдары слесарь қызметін атқарған. 1989 жылы Кормоцехта оператор болып жасап, 1996 жылы 55 жасында зейнеткерлікке шықты 18. Әзімбай Бөлеубайұлы 1936 жылы Қаратөбе ауылдық кеңесінің аумағында өмірге келді. 1951-1996 жж. «Талап», «Еңбек» ұжымшарларында, «Бозашы», «Ақшымырау» кеңшарларында есепшінің көмекшісі, есепші, бас есепшінің орынбасары, бас есепші қызыметтерін атқарды. Жыршы-термеші, домбырашы, он саусағынан өнер тамған әкесі Бөлеубайдың бір қыры бойынан табылып, күйшілік өнерді меңгерді. 1955-1959 жылдары аудандық, облыстық, республикалық және одақтық өнер фестивальдарына барынша атсалысып, лауреаты атанды. Әсіресе 1958 жылы 12-23-желтоқсаны күндері Мәскеу қаласында өткен Бүкілодақтық фестивальда Д.Нұрпейісова атындағы облыстық ұлт аспаптар оркестрінің құрамында және жеке орындауларымен 7 мәрте көрсеткен өнері – оның сахнадағы өмірінің жарқын көріністері. 19. Жусанбай Тұрарұлы 1950 жылы 15 мамыр күні Қаратөбе ауылдық кеңесінің аумағында дүниеге келді. 1979-1982 жж. Қызылорда қаласындағы ауыл шаруашылық техникумын ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша үздік бітірді. «Ақшымырау» кеңшарында жүргізуші, техника жөндеу шеберханасының, трактор паркінің меңгерушісі, бас инженер қызыметін атқарды. 1997 жылдан бастап «Қызан» өндірістік кооперативінің төрағасы. Еңбектегі қол жеткен табыстары: Маңғыстау ауданы әкімінің «Алғыс хаттарымен», «ҚР Тәуелсіздігіне – 10 жыл» медалы «Қазақстандағы тыңды игеруге – 50 жыл» медалы ҚР Президентінің «Алғыс хатына», ҚР Ауыл шаруашылығы министірінің «Үздік ұжым» дипломы 2007 ж. Маңғыстаудың «Жыл адамы» («Үздік фермер» номинациясы бойынша) атанды. 20. Төреғұлов Мұқырбай 1903 жылы өмірге келген. «Еңбек» колхозында 30 жыл жылқышы болған. Атақты атбегі-сейіс және атбегілер әулетінің негізін салушы. Алғаш рет Үстіртте 1961 жылы шопандар тойында 45 аттың ішінен Мұқырбайдың «Сарықасқасы» бірінші келіп, кілем жапқан қара нарды олжалаған, бәйге бала Аманғали (баласы) бұл күнде 64 жаста. Кеңес үкіметінің жылына болатын үлкен мерекелері 1-май, 9-май, 7-ноябрь мерекелеріне ұйымдастырылатын аламандарда атақты жүйріктері «Қара ат», «Қара ала аяқ», «Қызыл-қасқа», «Көкшолағы» атымен І-ІІ орын алып. ауыл, аудан абыройын қорғаған еді. 1977 жылы өмірден озғасын «Ат тұяғын тай басар» дегендей атбегілік өнерді балалары Майрамбай мен Бурабек жалғастырды. Майранбайдын атбегілік өнері талайды таң қалдырды, ол жаратқан сәйгүліктер 1980-2000 жылдары Манғыстаудағы аламан бәйгелердің алдын бермеді. Ел оны “қойға мінетін атты жаратып–баптаса бәйгеден бірінші келетін еді’,- деп атбегілігін қызыға да қызғана аңыз қылды. Соңғы рет «Үлек» қауымы басында 2003 жылы 90 киіз үй тігілген Есен Ермембет биге берілген үлкен аста 52 ат қосылған 35 шақырымдық аламан бәйгеде оқ бойы «Шабдарқасқасы» озып келіп І орынға тігілген автомашинаны алды. Майрамбай жаратып қосқан «Қоңыр жорға», «Алқоңыр», «Торыалаяқ», «Ідәнторы», «Құлақасқа», «Шабдарқасқа» сияқты талай топтың шаңын қаққан сәйгүліктері елдің есінде қалды. Майранбайдан кейін ата-баба дәстүрін Бұғабай Мықырбаев пен баласы Бектас Мықырбаев жалғастыруда, облыстың, ауданның, ауылдың мақтанышы. Қазіргі кезде ат жаратып, дүние жүзіне Адай жылқысын насихаттаумен белсенді шұғылданып жүр. 2012 жылғы 19-қазанда Ақтауда өткен 120 шақырымдық сынақ бәйгеден Ермебеттің асында бәйгіден келген сәйгүліктің қандасы, кіші «Шабдарқасқасы» сүрінбей өтіп республикалық және дүниежүзілік жарыстарға жолдама алды. 2012 жыл Астана қаласы республикалық “Назарбаев кубогы’ 80 км I орын. 2013 жыл Ресей Спасск-Рязань қаласы ТМД және Балтық жағалау елдерінің “Достастық кубогы” 80 км IV орын, командалық жарыста I орын 2013 жыл Біріккен Араб Әмірлігі Дубай-Абудаби қалалары әлем чемпионаты алды сынақ бәйгеден өтті. 2013 жыл Астана қаласы республикалық “Назарбаев кубогы” 120 км I орын. 2014 жыл Франция ат спорты бойынша әлем чемпионатына қатысушы. 21. Базарбаева Сәку 1913 жылы Маңғыстау ауданы Орта еспе ауыл советінде дүниеге келген. 1935 жылы Қойлыбай деген азаматқа тұрмысқа шығып екі балалы болған. Соғыс алдында Қойлыбай «Еңбек» колхозының бір отар жылқысын баққан, содан Отан соғысы басталып елмен бірге соғысқа аттанады. Содан бағылып жүрген жылқысымен Сәку жылқышы болып қалды. Өзі еркек жалды, қажырлығымен, тіпті колхоздың жылқыларына ер адамдай атқа құрық салған жылқышы болған. 1945 жылы маусым айында жолдасы Қойлыбай соғыстан келгесін Тауышықтағы сүттен май айыратын сепараторлық курсты бітіріп, сол жылдан бастап сиыршы болып кетті. Кейін жолдасы екеуі соғыстың зардабынан сұрқостанып, өздерінің жайына қарай колхоздың 200-250-дей қошқарын бақты. Осындай қажырлы еңбегінің арқасында Сәку Москваның ауылшаруашылық көрмесіне жолдамамен барып, ВДНХ-ның күміс медалымен марапатталды. 22. Мұсаев Нұрлан 1984 жылы Қызан ауылында туған. Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінде “Қазақ тілі мен әдебиеті пәні ” бойынша білім алды (2001-2005). Еңбек жолын университетте ұйымдастырушылық қызыметімен бастаған ол бүгінде Манғыстау обылыстық ғылыми-әдістемелік орталықта бөлім бастығы болып жұмыс жасауда. Жастайынан жыр-термеге құмарлық танытты, суырыпсалма өнерін байқатты. Айтыста алған жүлделері: Тараз қаласында өткен республикалық студентер сайысында 2 орын 2002 жыл, Махамбет Өтемісұлы атындағы республикалық студентер сайысында бас жүлде 2003 жыл, К.Сәкиевтің 80 жылдық мерейтойы аяасындағы республикалық ақындар сайысында 2 орын 2004 жыл, Қарағанды қаласында өткен республикалық “Наурыз” айтысы 2 орын 2004 жыл, “Елбасы жолдауы – ел арқауы” ұранымен Қызылода қаласында өткен айтыста бас жүлде 2005 жыл, Қашаған Күржіманұлы атындағы обылыстық айтыс бас жүлде 2005, Астана қаласы “Асқарға баста, Ақорда” республикалық айтыс 2 орын 2006 жыл, Адай Ата кешенінің ашылуына байланысты өткен республикалық айтыс 1 орын иеленді. Сондай-ақ Маңғыстау өңірінде айтысты насихаттап жиі ақындар айтысын ұйымдастырып тұрады. 2009 жыл осы еңбектері ескеріліп, “Жыл адамы” номинациясы бойынша Манғыстау обылысының үздік өнер қызыметкері болып табылды P.S Бұлар тек біздің білетіндеріміз ғана бұлардан басқада ауылда үкімет тарапынан марапатталғандар бар болуы мүмкін егерде жоғарыға кісілердің өмірбаяндарыңа қосатын мәліметтерің болса немесе басқа да орден медал алған ауылдан аталарың ағайын туыстарың болса мәлімет жіберің толықтырамыз. Төменде документ нұсқасында фотосымен берілген Дайындаған: Досекенов Нұрберген