Ел таныған азаматтар. "Өсер елдің баласы бір-бірін батыр дейді" немесе "Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын",- дейді қазақ, жалпы Қызанда ауылдың дамуына, өркендеуіне үлес қосқан азаматтар көп-ақ. Осы азаматтардың еңбегі еленіп үкімет тарапынан орден, наградалармен марапатталғандарыда баршылық. Біз осы орден наградалармен марапатталған арамыздағы және де бақилық болған аталарымыздын өмірбаяндарымен таныстырмақпыз. 1. Шабаев Өмірхан 1887 жылы Маңғыстау ауданында дүниеге келген. Сауат ашу мектебінде оқыған. 1935-1938 жылдары Манғыстау ауданы Қарашығыр ауылдық кеңесінің төрағасы, 1939-1952 жылдары Талап ұжымдарының басқармасының төрағасы болып жұмыс жасаған. Ұжымшар басқаруда еңбегі орасан зор, халыққа көмектескен. Басқарушылық қабілеті жоғары болған. Маңғыстау ұжымдарының экономикасын нығайтып ауылшаруашылығын дамытуға үлес қосқан. Еңбегінің арқасында 1948 жылы «Ленин» орденімен марапатталған. 2. Досекенов Садақбай 1900 жылы Бозашы өңірінде өмірге келген. Манғыстау аудандық атқару комитетінің төрағасы Хангеревтің ұйымдастырумен егіншілікпен айналысу үшін Талап ұжымшары құрылып, оның алғашқы төрағасы болды. Кейін 1942-1952 жылдары аралығында жылқы фермасының меңгерушісі болып жасаған. Ол басқарған шаруашылық үнемі жоғарғы көрсетқіштерге жетіп, мал басы көбейіп отырған. Осындай қиын қыстау және соғыстың сұрапыл жылдарындағы ерен еңбегі үшін 1948 жылы «Ленин» орденімен марапатталған. Халық арасында үлкен абырой мен беделге ие болған тұлға. 1980 жылы 80 жасында өмірден өтті 3. Жұмағазин Есболған 1934 жылы Қаратөбе ауыл советінде дүниеге келген. Білімі орта. 1951 жылдан «Жас бірлік», «ХІХ партсьезд» колхоздарында, кейін Бозашы, Ақшымырау кеңшарларында жылқышы, шопан болып жұмыс жасады. 1967 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденін алды. Көптеген медальдар мен алғыс хаттармен марапатталған. 1979 жылы қайтыс болды. 4. Шоланов Сран (Срәжаддин) 1917 жылы Қаратөбе ауыл советінде дүниеге келген. 14 жасында 1931 жылы Форт Шевченко қаласындағы мектеп интернатта оқыған. 1933 жылы ел Бекдашыға көшкенде Алтыншыда тұз өндірісінде жұмысшы болыпты. 1939 жылы армия шақырылып, Кавказда Грузия мен Турцияның шекарасында азаматтық борышын өтеген. 1941 жылы осы күзде елге қайтамыз деп жүргенде соғыс басталып, сауатты бар солдаттарды Саратовтағы офицерлердің дайындық курсына әкеледі. Сонда дайындықта жүргенде сырқаттанып, әскерден босайды. 1941 жылдың декабрінде елге келіп, Таушықтағы көмір тресінде есепші, 1942 жылдың февралында Жасбірлік колхозында басқарма бастығы, Қаңғадағы Шевченко колхозында бас есепші, артынан зоотехник, 1956 жылы ХІХ Партсьезд Ақшымырауға келіп ірі қара фермасының, қой фермасының меңгерушісі, завсклад тағы да сол сияқты жұмыстар атқарған. 1990 жылы 23 майда 73 жасында қайтыс болды. Соғыс уақытындағы еңбектегі табыстарын бағалап, «Құрмет» белгісі орденімен марапатталған. 5. Сүлейменов Құлыбек 1934 жылы мамыр айында дүниеге келген. 1942 жылдан бастап Сартас, Қызан мектептерінде 1947 жылға дейін оқыған. 1947 жылдан 1952 жылға дейін Маңғыстау ауданының орталығындағы Шахта орта мектебінің жанындағы пансионный интернатта жатып осы мектептің 10 класын бітірген. 1952 жылы Алматы қаласындағы ЗООВЕТ институтына қабылданып, оның зоотехникалық факультетін бітіріп, еңбек жолын ХІХ - партсьезд атындағы колхоздың бас зоотехнигі болып бастаған. Маңғыстау аудандық ауылшаруашылық басқармасының бас маманы, Октябрьдің 40 жылдығы колхозында мал тұқымын асылдандыру жөніндегі зоотехнигі, 1963 жылдан бастап Маңғыстау аудандық ауылшаруашылық өнімдерін өндіру және дайындау басқармасының бастығығының орынбасары , кейін 1967 жылға дейін бастығы болып жасады. 1967 жылдан 1969 жылға дейін осы ауданның Октябрдің 40-жылдығы атындағы колхоздың председателі болып жасады. Маңғыстау көлеміндегі колхоздардың совхозға бірігуіне байланысты Еңбек, Чапаев , ХІХ партсьезді колхоздарынан құралған Бозашы совхозында 1969 жылдан 1980 жылға дейін директор болып жасады. 1980 жылдан бастап Ақшымырау совхозының директоры, автоклуб меңгерушісі, Аудандық ауылшаруашылық өндіріс басқармасының бастығының орынбасары болып жасаған. 1984 жылдың қыркүйек айынан бастап Ақшымырау совхозында 1995 жылдың тамыз айына дейін бас зоотехник болып жасап еңбек демалысына шықты. Ауыл шаруашылығындағы еңбегін бағалап Құрмет белгісі ордені, Құрмет грамотасымен, бірнеше белгі және медальдармен наградталған. 6. Төкешов Оңғарбай 1938 жылы 11 маусымда Қаратөбе ауыл советіне қарасты «Жиделі» жерінде дүниеге келген. Еңбекке 1954 жылдан бастап колхоздың, совхоздың малын зейнеткерлікке шыққанша 1993 жылға дейін баққан. Еңбек қорлығының арқасында төмендегідей наградалармен марапатталды: 1958 жылы Москва қаласында Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесіне қатысты- куәлік №49921, 1964 жылы Маңғыстау ауданы ХІХ партсьезд колхозы коммунистік еңбектің екпіндісі куәлігі, 1963 жылы 26.01.№52 ВДНХ СССР куәлігі, 1970 жылы В.И.Лениннің 100 жылдық мерекесінің медалымен, 02.04.1970ж 1963 жылғы 19 февральдағы Указымен Қазақ ССр Жоғарғы Советінің гамотасымен нагадталды, 1974 жылы «Ақшымырау» совхозы дирекциясының коммунистік еңбектің екпіндісі куәлігі, 1974 жылы Бүкілодақтық Социалистік жарыста жоғарғы өндірістік көрсеткіштерге жеткені үшін Қазақ ССР жоғарғы Советінің грамотасымен наградталды, «Ақшымырау» совхозынан 1977 жылы «мал шаруашылығының бірінші класс шебері» атағы берілді 24.03.1977 ж 1978 жылы №5198 ВДНХ ССР «Социалистік жарыстың 1974 жылғы жеңімпазы» куәлігі 03.11.1974 жыл 1978 жылы 30.03. Орден №249501 «Еңбек ері» ордені, «Даңқ ордені» 1978 жылы «Социалистік жарыстың жеңімпазы» куәлігі 01.03.1978 жыл 1976 жылы «Социалистік жарыстың жеңімпазы» куәлігі 25.01.1977 жыл 1980 жылы «Социалистік жарыстың жеңімпазы» куәлігі 01.03.1980 ж 1980 жылы «Оныншы бесжылдықтың екпіндісі» куәлігі 28.11.1980 ж 1990 жылы «Он екінші бесжылдықтың екпіндісі» куәлігі 26.12.1990 ж 7. Мизанбаев Елшібек 15 қаңтар 1948 жылы дүнеге келген. 1955 жылы Жангелдин сегізжылдық мектебінің 1-сыныбына барып, 1963 жылы 8 сыныбын бітірді. Еңбек ете жүріп, ауылдан ашылған қысқа мерзімді курстан шоферлік-тракторист мамандығын алды. 1966 жылы Маңғыстау аудандық орта мектебінен бітіріп, орта білім алып, 1964-67 жылдарда «Еңбек» колхозында тракторист болып жұмыс жасады. 1967-69 жылдары Сібір әскери округінің 21221 әскери бөлімінде әскери борышыын өтеп, 1969-74 жылдарда Бозашы кеңшарында тракторист, машина-трактор ауласының меңгерушісі болып жұмыстар жасады. 1974-83 жылдарда Ақшымырау кеңшарында машина-трактор парк, жөндеу шеберхана меңгерушісі, 1983-89 жылдары Ақшымырау кеңшарында кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1989-95 жылдары Кеңшар директоры, 1995-97 жылдары «Қызан» өндірістік кооперативі төрағасы, 1997-2011 жылдары Қызан селосы әкімі болып қызметтер атқарған. 1975 жылы Гурьев ауылшаруашылық техникумын, 1991 жылы Москва қаласы Н.М.Шверник атындағы жоғары кәсіподақ мектебін бітірген. ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы медалі, «Маңғыстау облысына 35 жыл» төс белгісі, аудан облыс әкімдігінің «Құрмет» грамотасы, Алғыс хаттармен марапатталды. 8. Назарұлы Мәрт 1919 жылы 01 қаңтарда Маңғыстау ауданы Қаратөбе ауыл советінде дүниеге келген. Әкесі Назар, шешесі Қалды қарапайым шаруа адамдары болған. Атасы Нәдірбек елге белгілі темірден түйін түйген, шебер ұста болған. Оның ұсталығыын Нәдірбектің баласы Зәкір ұстаған. Зәкірде Маңғыстауға белгілі ұста. Оның жасаған заттары әлі күнге дейін ұрпақтарында сақтаулы. Кәдір, қасиет тұтады. Мәрт 16 жасынан бастап атасы Нәдірбектің ағасы Зәкірдің жолын қуып, ата кәсібі ұсталықты жалғастырады. 1942 жылы 01 қаңтарда Ұлы Отан соғысына аттанды. 1947 жылы елге оралды. Соғыста 3 рет жараланды, оң қолынан, кеудесінен, және сол аяғынан. Елге келгеннен кейін кәсібі ұсталықты жалғастырды. Төмендегідей наградаларымен марапатталған: 1941-1945 жылдардағы «Ұлы Отан соғысы», «Жеңістің 50 жылдығы» медалі 7 мамыр 1995 жыл №0626614 «Лениннің туғанына 100 жыл» медалы 2 сәуір 1970 жыл «Жеңістің 30 жылдығы» медалы 20 қыркүйек 1977 жыл «Қарулы Күштердің құрылғанына 60 жыл» 7 мамыр 1995 жыл «Кениесбургты алу» 1945 жыл №126057 «Жеңіс үшін берілген» медалы 28 сәуір 1946 жыл «Жеңістің 40 жылдығы» 9 мамыр 1985 жыл «Жеңістің 50 жылдығы» 7 мамыр 1995 жыл «Еңбек ардагері» 10 қазан 1979 жыл «Жуков медалы» 20 ақпан 1997 жыл 9. Масатов Шортанбай 1927 жылы Қаратөбе ауыл советінде туған. Әкесі Масат қарапайым шаруа адамы болған. Жастайынан ерте жұмысқа араласқан ол ата кәсібі мал баққан. Малы күйлі , мал басы аман, жүн алу, мал алу жоспарларын асыра орындап отырған. Қай уақыттарда қатарының алды, озат шопаны атанды. Сол еңбектері бағаланып, аудан, облыс көлемі тарапынан көптеген алғыс көптеген алғыс хаттар, мақтау қағаздарын алды. Ауыл шаруашылығында көрсеткен жоғары көрсеткіштері: 1958 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1970 жылы «Лениннің туғанына – 100 жыл» юбейлік медалымен, . 1972 жылы «Халық шаруашылығы жетістіктері» медалымен, 1973-1976 жылдары «Социалистік жарыстың жеңімпазы» белгілерімен марапатталды. 1977 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1971 жылы ҚазақКСР-нің Жоғары Кеңесінің 8-ші шақырылымының депутаты болып сайланды Зейнетке шыққанға дейін өмірін мал шаруашылығын өркенлеуге жұмсады. Мал тұқымының сапасын жақсартуға, жүн-елтірі, ет өнімдерін жоғары деңгейге жеткізуге ат салысты. Ата кәсібімізді жастар арасында насихаттап, өзінің өмір тәжірбиелерінен басқаларға үлгі болды. 1988 жылдан бері құрметті демалыста. Жалғасы бар