Әліби Жангелдин атындағы орта мектептің тарихы Қазіргі Қызан аулындағы Әліби Жангелдин атындағы орта мектептің тарихы оның қабырғасы қаланған 1937 жылдан емес, қазіргі ауыл аумағын мекен еткен көшпелі тұрғын халықтың балалары оқыған кеңес үкіметі ұйыдастырған (1930-1937жж) көшпелі бастауыш мектептер мен патша үкіметі кезіндегі (XVIII-XXғ) мешіт медіреселерден бастау алады. Маңғыстау мешіт медіреселері туралы Ресейдің мемлекеттік мұрағат қорындағы ресми жазба деректер 1887 жылдан басталады. Түбектің шағын бөлігінде ( Манғыстаудын қара ойында) 29 мешіт медіресе бар екендігі жазылып, онда үш жүзден астам бала оқыған. Қызан ауылы маңындағы мешіт медіреселерге тоқталайық. Мешіт-медіреселерде ұстаздар діни ілімге қоса математика, жағырафия, тарих, халық медицинасы сабақтарын оқытқан. Негізгі оқыту барысында шәкірттер екі мамандыққа бейімделген. Біріншісі: оқу-ағарту, діни ұстаз, ал екіншісі емшілік. Осы екі мамандыққа ортақ іс – діни бағытта, насихат айтып имандылыққа шақыру, рухани тәрбие беру болды. Белгілі қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбаевтың 1996 жылы шыққан “Дәуір белестерінде” кітабында “... Бекет ата тұрғын халықты сауаттандыру, дін жолында уағыздау мен имандылыққа тәрбиелеу мақсатында әр жерлерде мешіт медіреселер ашқан. Бозащы түбегіндегі Мәстек жеріне таяу Тобықтының ойындағы осы мешітте Бекет ата бала оқытқан ” деп көрсеткен. Аңыз әңгімелер желісіне қарағанда бұл мешіт-медіресенің салыну уақыты 1778-1780 жылдар болуы керек. Мешіт медіресе бор төбені үңгір етіп ойып жасаған ғимарат. Төбелері көмбез пішінде төбесі түндік тесік, дөңгелек екі бөлме қосарланып бір бөлме қылып біріктірген. Бозащыдағы Мәстек жеріндегі мешіт медріреседе Жанту Кеще Ила қажы Қаменұлы (1840-1923жж) бала оқытқан. Мәстек жеріндегі мешіт медіресені кім салдырып, кім иелік еткені жөнінде ешкім дөп басып айта алмайды, тек осы мешітте беріректе Ила қажы бала оқытқан. Мәстектегі мешіт дөңестеу жерде үстіңгі тас қабаты құдық сияқты ойылып, асты алты қанат үй ішіндей етіп ойылған үңгілген , бүйір жағынан жандартпа есік шығарылған күрделі құрлыс еді. Бүйір-бүйірінде бөлмелері бар деп ( Ә.Спан «Ерменбет би» Астана 2003ж ) кітабында баяандалады Жалпы Қызан, Ақшымырау, Жиделіде мешіт салдырған, бала оқытып 1937 жылға дейін өмір сүрген төрт молда болған. Олар: Кеще Түйте, Күнтай Кеще Бектілеу, Бөкен Сүлеймен және Есен Жәумідин. Құрым Кеще Түйте ахун Өтесбайұлы (1882-1937жж) Бұхарада оқып келгеннен кейін бала оқыту үшін ел жұрт жиналып , оған мешіт медіресе салуға кіріседі. Әсіресе қайырымды бай жолымбет баласы Қоштай көп еңбек сіңәреді. Түйтенің өз ағайындарымен бірге Дәулеталы ауылының Үйтолы, Төлебай балалары мешіт салуға ат салысады. Мешіт-медіресе иттің жұтынан кейін, 1912 жылы дайын болады. Осында Түйте шәкірт жиып, сауаттандыру ісіне кіріскен. “Медіресеге жалғастыра салынған Түйтенің тумаласы Өтесбайұлы Қоңырдың пәтерінде 1926 жылы елге танымал ұстаз Қалауов Көшекеннің мұғалімдік етуімен Ахмет Байтұрсновтың «төте жазу» әліппесі бойынша сауат ашып, білім алдық, бірінші класты қыстың ортасында бітіріп, екінші класқа көшік. Оқытушымыз – Қалауов Көшекен, жиырмалардың шамасындағы балаң жігіт, бірақ өте ынталы, сергек, жұмысы үшін жан беретін, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары жан болатын. Ол ата-аналар мен оқушылар арасында дәнекер болған, шебер ұйымдастырушы еді. Ол жерге ақ селеу шаптыртып төсеттірді. Жиделі деген – бұтаның бүр түрі өсетін, бұтасы көп жер ғой, бүгінде бар-жоғын қайдам, сол кезде біз шашботау, құланқұйрық секілді жанғыш бұталарды шауып әкеліп класымыздың қапталын толтырып қоямыз, Көшекен осындай шаруаларды ұйымдастырды. Мен ол кісінің еңбегін жоғары бағалаймын. Бірге оқыған адамдардың ішінде Түйтенің баласы Нығымет, Жалғасбаев Естек, кейін «Есман» деп аталып кетіпті, Сабытаев Қашау деген Құрым деген жігіт болды”, - деп қарт ұстаз Тұрар Жалғасбайұлы «Ағарту асуында» атты кітабында баяндайды. Нұрым Тоғызбайұлы мен Естерек Жаманбайұлының айтулары бойынша Күнтай Кеще Санамас өзінің аға інісімен бірігіп ағайын елдің көмегімен Қызан аулының батысында «Иткелдіден» мешіт медіресе салған осы медіреседе сол өңірдің балалары оқыған. Олардың ішінде Мұрын жырау бар. Мешіт медіресенің алғашқы имамы Алтынбекұлы Қылышнияз болған. Медіресені Қылышнияздан кейін Санамасұлы Бектілеу имам болған халық о кісіні «Сары Ишан» деп атаған. Бұл медіреседе 1921 жылға дейін бала оқытқан. Сол Аңдамас молдадан оқыған немересі Сәбила Төлегенұлы үлкен молда болып, беріде қайтыс болды Есен Жәумідин Ақшымыраудан 2 шақырым жердегі Байниязда бала оқытқан. Ал Бөкен Сүлименнің медіресесі Бәжі мен Мыңкісі арасында орналасқан. Республикада 1930 жылы Халыққа міндетті бастауыш білім беру туралы мемлекеттік декретті қабылданды (14.08.1930 ж ) және әліпби латын әліпбиіне көшірілді. Сонымен 1931-32 оқу жылында жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу (8-15 жас) аудандағы барлық ауыл советтері мен жинақы елді мекендерді қамтыды. Ол кезде шаруашылық жағдайына қарай ауыл да, ондағы мектеп те көшпелі болды тек 1930 жылдан бастап № 15 Қаратөбе ауылдық кеңесі мен Еңбек колхозының орталығы 1930 – 33 жылдары Қоңыропа жерінде, 1934-36 жылдары Мәстекте, ал одан кейін 1937 жылы Қызанда болғасын тұрақтанды. Сондай көшпелі мектептерде Тұрар Жалғасбайұлы 1930 жылы “Қалнияз” жерінде латынша сауаттандыру қызыметінде, 1931 жылы Жанұзақта бастауыш мектеп мұғалімі болған. Тұрар Жалғасбайұлының “Ағарту асуында ” кітабынан үзінді «1932 жылдың көктемінде Қараш жерінде отырған бір топ үйлердің батыс жақ шетіне таман бес қанат үйді толтыра орналасқан балалар кереге құлағына ілінген қабырғалары кез ( өлшем бірлігі-71 см ) шамалас пәнер тақтаға жазылған сөз-сөйемдерге қарап, мұғалімнің қолындағы оқулығы мен біртіндеп ашқан буындарды жамырай оқып, дағдыланып жатты. Егер оғаштау дауыс шықса, ол сөз қайталанып оқылады. Мұғалімнің машығына және оқушылардың серпінді көңіл күйіне бола балалардың сыртқы жағына мен де отырып қалдым. Сабақ жүргізіп тұрған Қонысбай Ештайұлы Жантаев болатын. Ұстаздық жолын жиырмасыншы жылдың аяқ жағынан бастаған ол 1933-1938 жылдары Ауыздыбас мектебінде бастауыш сыныптарды оқытыпты. 1942 жылдың басында армияға шақырылған ол Қалмақ даласында болған ұрыстан елге оралмай қалды.» 1933 жылы Жиделіні мекендеген «Жас бірлік» колхозы 1950 жылдары «XIX партсъезд» іріленген колхозы құрылғанша Жиделідегі бастауыш мектепте Құзыров Ғабиден оқытушы болды. Көршілес, «Жасбірлік», «Қора», «Тұрым», «Жарқынбай» мектептері бірігіп, 1930-35 жылдары «Тұрым» бастауыш мектебі аталды, Тұрым Қызан ауылынан қырық шақырым жерден, мектепті 1932 жылы атақты сахи мырза Жолымбетов Қоштайдындың баласы Беққожа саман кірпіштен салған. «Мектеп директоры, есен Ерқаламанов Мыңбай, мен сонда бастауыш 4-ші класты бітірдім» - дейді Естерек Жаманбайұлы. 1930 жылы «Иткелді» мектебі 1931 жылы Бектілеу молданың мешітіне ауысып, «Қоңырорпа» бастауыш мектебі аталды. «Қоңырорпа» бастауыш мектебінің ашылуы туралы Тұрар Жалғасбайұлы былай баяндайды “ Жалпыға бірдей бастауыш оқу туралы заң мен латын әліпбейіне көшумен тұспа тұс келді. 1931 жылдың қаңтар-мамыр айында бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындайтын Форт-Шевченко қаласында 5 айлық курс ұйымдастырылды. Курстың екі групасына 50 шамалы адам тартылып, құрылған сынақ комессиясы курс бітірушілердің негізгі тобын жаңадан ашылатын бастауыш мектептерге басқарушы не оқытушы етіп бөлді де, қалған бөлігін сауат ашу мектептеріне ұсынды. Курс оқытушылары ішінде аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Егінбай Арқанбаев, ауданның сол кездегі беделді мұғалімдері Базаржан Шымыров, Төрәлі Самалықов болды. Мен де осы курсты оқып 20.05.1931 жылғы № 696 белгі қағаз негізінде Қоңыропа жерінде бастауыш мектеп ашып, балаларды оқыта бастадым. Оның алдында 1930 жылы қыркүйек-желтоқсанда ” культармеецтер’ есебінде шартпен үлкендерді оқытып, 30 адамды толық сауатты, 7 адамды шала сауатты дәрежеде қортындылаған едім ”,- дейді. “1933-1935 жылдары № 15 ауыл ( ол кезде Қаратөбе, кейін Қызан ) Мәстектті орталық жасап, кейін Қызанға ауысқан-ды. Әбілхан аға (Әбілхан Әбдіхалықов ) Мәстек бастауыш мектебінің меңгеруші-мұғалімі болды. Шикі кесектен қаланған мектеп үйінің шыға беріс бөлмесінде Әбекең зайыбы Тұрған жеңгеймен және естияарлау ер баласымен тұрғаны жадымда” - Тұрар Жалғасбайұлының “Ағарту асуында ” кітабынан үзінді. 1936 жылдан бастап, «Қоңырорпа» сегізжылдық мектебі аталып, 8 кластық білім бере бастайды. Сол кездегі білім берген мұғалімдер әрі басшылар Әбілхан Әбдіхалықов, Еділханов Бекқожа, Иманбаев Тәжі, Жақыпов Мұқай, Құзыров Ғайнадин, Алуадин Көптілеуұлы, Мұқаш т.б. 1937 жылы бала санының көбеюіне әрі серіктестіктің орталығы Қызан болуына байланысты, мектеп орталық, қазіргі Қызанға ауыстырылады.1937 жылы сабан кірпіштен жаңадан мектеп үйі салынады. Мектепте мектеп директоры болып 1942 жылы әскер қатарына шақырылғанша Тәжі Иманбаев, 1943-44 жылдары Есен Дүйсенбаев Жауынбай, 1945-50 жылдарға дейін руы Кенже Еділханов Бекқожа, 1950-53 жылдары Ізкенов Берікхан, 1953-1958 жылдары Тілебаев Байсейіт мектеп басқарған. Мектепте 1943-44 жылдары Жақсылық, Ілияс Сүгіров, Құрмет Құспанов, Жанұзақова Батпа, Мыңбаев Тойдық, Ерғалиева Өрік сабақ берсе, 1947-53 жылдары Ұзақбаева Жалғас, Сарина Бибінұр, Тілеуғалиева Күрең оқытқан. Сол күндегі оқыған азаматтардың ішінен бұл күнде Шүнәров Өтелген химия ғылымының кандидаты, доцент, ол Маңғыстау мұнайын судан, тұздан, топырақ, тастан тазартумен шұғылданды. Осы мақсаттағы физикалық және химиялық процестерді зертеуге арналған лобраторияларды құрды, басқарды кәзір Ақтау қаласында тұрады, Бөлеубаев Әзімбай – күйші, атақты Нұрғиса Тілендиевтің шәкірті, 1958 жылы Мәскеу қаласында өткен Бүкілодақтық фистивалда Д.Нұрпейсова атындағы обылыстық ұлт аспаптар оркестірінң құрамында және жеке орындауларымен 7 мәрте өнер көрсеткен , күні бүгінде – зейнеткер, ауылда тұрады. 1958 жылы қайтадан, жаңа кірпіштен, төбесі рельспен, тақтаймен жабылған мектеп салынып, Қоңырорпа мектебі Әліби Тоқжанұлы Жангелдин атына өзгертілді. Ал мектеп директоры – Жұманқанова Бақыт ( 1958-1964жж) алғашқы әйел адамдардан бірінші болып мектеп басқарып, ел ұйтқысы болды.. 1963 жылы жаңа, қотыр тастан, мектеп-интернат үйлері салынып, сегізжылдық білім беретін болды. Сол кездегі басшылар: Сисен Боқыбаев (1964-1969жж ), Борин Кенжеғали (1969-1974жж), Нәубетов Жамбыл (1974-1980жж). Ал мұғалімдер: Сарина Бибінұр, Жалғас Ұзақбаев, Өсерхан Қабанов, Күбір Алифанов, Вера Арживикина Григорьевна, Аязхан Ерманов Шошақова Салима, Қуантаева Тәрбие, Күрең Тілеуғалиева, Жәңгір Маңғыбаев, Марияш Сәңкібаев, Жадырасын Қоңырбаев т.б. 1974-75 оқу жылында мектеп он жылдық болды. Ауыл іріленіп, орталық «Ақшымырау» совхозы болғаннан кейін 1976 жылы 1 қыркүйегінде жаңа типтік 320 орынды екі қатарлы мектеп үйі пайдалануға беріліп, одан бері де, сан тарау жолға, сандаған шәкірттерді ұшырып жатыр. “ Сол кездегі мектеп өмірін сөз еткенде, ерекше екі адамды айтуды парызым деп санадым. Бұлар – кабинет жасақтаудың тұңғыш шеберлері тарих пәні мұғалімі Себенғали Шомбалұлы мен биология пәні мұғалімі – Айжақсы Бөрішқызы еді. Екеуі де бүкіл аудан бойынша, тұңғыш рет биология және тарих кабинеттерін өте жақсы жабдықтап, бүкіл елге үлгі болып еді. Мектептерде алғаш ұйымдасып жатқан мұражай үйін де қолға алып, арнайы бөлме ашып, алғашқы ұйымдастырушы болған Себенғали еді. Екеуінің де жаны үнемі жаз, мектепке күліп келіп, күліп кететін. Өзім жұмыстас болып келген мектеп басшылары: Телемгенов Ораз (1980-1981жж), Жолов Қаржау (1981-1984жж), Қодаров Аманқос (1984-1996жж), Нұрқанов Ізмұқан (1996-2002жж) сияқты азаматтар, заман қайшылығына қарамастан, ағалар салып кеткен жолмен, мектептегі 50-60 мұғалім мен 600-650-дей оқушыны ұлы жолда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тәрбиелеп жатты” - деп еске алады Ж.Әуелбайұлы. Кәзіргі таңда мектеп ұжымы тату-тәтті, ынтымақта, бір кісідей ұйымшыл, іскер ұжым ретінде аудан обылыс көлемінде танылып келеді. Мектеп директорымыз Бисенов Бердіқожа. Мектептің бетке ұстар аға буын өкілдері: Ж.Әуелбайұлы (2002-2009жж), С.Өрбісінов, С.Оңдабаев (2009-2013жж ), Р.Төлеген, Қ.Айжанақ , М.Көбеген, М.Отарқұлова ,Т.Найзаева, Ы.Төлеубаева, Ә.Қаниева, К. Қойшыбаева, С.Ораова, Н.Шамұратова, А.Жалғасбаева, А.Әмірова, Г.Бекова, Т.Жанбай, Р.Сүлейменова, А.Айынова, С.Кенжебаева, Р.Тілепиева Орта буын өкілдері: А.Қошабаева, К.Іданова, Г.Өмірханова, Ж.Құдайбердиева, Ж.Көшбай, Л.Тұрарова, С.Ермағанбетова, Г.Тегісбай. Жас буындар өкілі: Н.Досекенов, М.Бекова Г.Үбжанова, Г.Әмірова Ж.Қармысова, А.Қоңырбаева. Бұл мұғалімдерді мектептің қандай саласы болса да алып кете алатын толыққанды ұстаздар деп айтуға болады. Бұл мектептен екі «Алтын медаль» иегерлері шықты. Олар 1980-1990 жылдардағы Қаражанова Марал және 2010-2011 жылы Түйешиева Кәмшат. Мектебімізден Нұрлан, Фархад Мусаевтар, Шынар Түйешиева, Еділ Бекмұратов сияқты ақындар, Мұңалбаев Дидар сияқты әншілер шықты. Мектептің спорттық жетістігі Маңғыстау облысының мақтанышына айналды. Спорттық кикбоксинг түрінен оқушыларымыз Селбай Өнербек, Қалдыбаев Бауыржан, Ноғаев Сұлтан, Жалғасов Шерхан, Жұбатыров Бекболат Қазақстан қалаларымен қатар шетел қалалары Сибай, Минск, Анапа қалаларынан «Алтын», «Күміс», «Қола» медальдардың бірнешеуін алып, Қызан ауылының атағын шығарды. 2012-2013 және 2013-2014 оқу жылында оқушылары спорт саласында халықаралық деңгейде өнер көрсеткен аудандағы жалғыз мектеп Әліби Жангелдин мектебіне “ Спорт саңылағы ” номинациясы берілді. Бұл күнде мектепте 415 оқушы мен 76 мұғалім бар. Олардың 10-ы жоғарғы санатты, 26-сы І санатты, 20-сы ІІ санатты, 4 мұғалім «Назарбаев зияткерлік мектебінің» толық курсын бітіріп, сертификаттарын алды, 26 сынып комплектісі бар. Дайындаған: Досекенов Нұрберген

Теги других блогов: тарих Әліби Жангелді орта мектеп